2018 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың келешегі» атты республикалық семинар өтті (бұдан әрі - Семинар).

Шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ болып табылады.

Семинар жұмыстарында мемлекетік органдар мен ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың, ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясының, «Нұр Отан» партиясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, БЖЗҚ, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы мүше-елдерінің және басқа ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Семинар және алдыңғы әлеуметтік теориялар мен әлеуметтік сақтандыру практикасының қарастыру, әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдерін талқылау үшін диалог алаңы ретінде болды.

Наверх