Сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуден басқа "МӘСҚ" АҚ маңызды қызметінің басты бағыттарының бірі - қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандырылуын арттыру болып табылады.

МӘСҚ қызметкерлері еңбек ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен кездесулер, бірлескен дөңгелек үстелдер, тұрғындар үшін көшпелі семинарлар өткізеді.

2018 жылдын 20-21 желтоқсанында МӘСҚ қызметкерлері «Asia Park» сауда-ойын-сауық орталығында және «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласы тұрғындарына ұйымдастырылған көшпелі кеңес беру шарасына қатысты.

Іс-шара «NEET жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

МӘСҚ мамандары азаматтарға қор тарапынан кімнің әлеуметтік төлем алуға құқығы барын, есептеу қалай жүргізіледі, төлем алудың қаңдай ерекшеліктері бар және қайда жүгіну қажет екендігі жөнінде кенес берді. 

Сонымен қатар, азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен өз сұрақтарына жауап алды.

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы және әлеуметтік мәселелер жөнінде ақпарат-кеңес беру.

Наверх