«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ www.gfss.kz негізгі доменінде жұмыс істейтін жаңа сайтты қолданысқа енгізді.

Осыған қатысты «МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дюсенова: «Біз сайттың ақпараттылығын жақсарта отырып, қолданушылар үшін Қордың барлық қызметі бойынша бұрынғыдан да түсініктірек болатын жолын жасадық. Клиенттердің қажеттіліктеріне негізделген қосымша айдарлар мен қызметтер құрылды. Мысалы, тағайындау мәртебесі туралы ақпаратты алу қызметі. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттар берген мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары өз өтініштерін қарастыру барысы туралы ақпаратты жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) теріп, қолма-қол ала алады.

Порталды жетілдіру жұмысы жалғасуда. «Жеке кабинет» қызметтері әзірленгеннен кейін, олардың көмегімен әлеуметтік аударымдардың түсімі, әлеуметтік төлемдердің алдың-ала есептелген мөлшері, тағайындау сомасы мен төлем түрлері туралы дербестендірілген ақпарат берілетін болады

 Осының барлығы жүйе қатысушыларына қызмет көрсету деңгейін көтеруге мүмкіндік бермек. Бұдан басқа Қор мамандарының қандайда бір қаражат-құралды жұмылдырмастан, сайтты толығымен өздерінің жасағанын атап көрсетуге болады», -деп түсіндіріп өтті.

Азаматтар талап еткен айдарлар,мысалы барлық қалалардағы орналасқан филиалдар туралы мәлімет,басты беттегі Қор қызметтеріне арналған бөлімдер бөлініп көрсетілуі қолданысқа енгізілді. Осы бөлімдер арқылы әр-бір пайдаланушы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы барынша толық ақпарат алып, қажетті құжаттарды жүктей алады.

Сіздер барлық ұсыныс-тілектеріңізді онлайн өтініш беру нысаны арқылы жібере аласыздар. Ал біз Сіздерге оңай, қолайлы әрі түсінікті болу үшін барлық ескертулеріңізді ескереміз.

Анықтама:

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры - бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

Қор «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және төлеуді жүргізеді.

Наверх