WhatsApp Image 2022-06-09 at 11.59.38

 

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының Еуропадағы өңірлік әлеуметтік қамсыздандыру форумы аясында Еуропа елдері әлеуметтік институттарының басшылары қатысқан «Еуропадағы әлеуметтік қамсыздандырудың басты басымдықтары: прогресс, мәселелер мен шешімдер» тақырыбына панелдік сессия өтті. Сессияда Еуропадағы және Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне пандемияның әсерін бағалау және оның одан әрі даму стратегиясын айқындау бойынша пікір алмасу болды.  

МӘСҚ Бас директоры Н.М.Кемел онлайн режимде баяндама жасады.  

Шет елдік әріптестер үшін Қазақстанда қабылданған инновациялық шешімдер, оның ішінде әлеуметтік салада көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.  

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтің үлесі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 35% деңгейге жетті.

Наверх