2021 жылдың 30-шы наурызында онлайн-конференция өтті. Конференцияның ұйымдастырушысы - Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ).

Конференцияға Әзірбайжан, Молдова, Ресей Федерациясы және Қазақстан елдерінің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі - МӘСҚ) бас директоры, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының төрағасы, ХӘҚҚ бюросының мүшесі А.М. Курманов қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты COVID-19 пандемиясы негіз болған экономикалық дағдарыс кезінде зейнетақы бағдарламаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болды.

Вебинарда МӘСҚ бас директоры А. Курманов «Пандемия жағдайында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Курманов А.М. COVID-19 пандемиясы өмірдің барлық салаларына әсер етіп, бүкіл адамзат үшін жаһандық сын-қатерге айналғанын атап өтті, бұл барлық бағыттар бойынша тез бейімделу мен түзетулерді талап етті, әсіресе азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мәселелерінде.

Вебинарда МӘСҚ бас директоры А. Курманов «Пандемия жағдайында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Курманов А.М. COVID-19 пандемиясы өмірдің барлық салаларына әсер етіп, бүкіл адамзат үшін жаһандық сын-қатерге айналғанын атап өтті, бұл барлық бағыттар бойынша тез бейімделу мен түзетулерді талап етті, әсіресе азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мәселелерінде.  

Баяндамашы 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында төтенше жағдай кезеңінде кірісінен айырылған 4,6 миллион адам МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер алғанын атап өтті. Карантин кезеңінде (маусым-шілде) осындай төлемді 2,4 млн адам алды. Сондай-ақ, COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау қызметкерлеріне МӘСҚ-нан бір реттік төлемдер тағайындалды.

Сондай-ақ, Курманов А.М. вебинарға қатысушылардың назарын мемлекеттін азаматтарды әлеуметтік қолдау көрсету бойынша қабылданған шараларына аударды. Автоматты индексациялаумен 4 млн. астам адамға зейнетақы мен жәрдемақы жылдық есеппен 10 %-ға көтерілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен әлеуметтік төлем мөлшерінің арасындағы өзара байланыс күшейтілді.

Сондай-ақ, пандемия кезінде әлеуметтік саланы цифрландыру қарқын түрде дамыды. Әлеуметтік-еңбек саласында электрондық қызметтерді қамту үлесі 91% жетті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде барлығы 697 мың мемлекеттік қызмет көрсетілсе, биыл электронды қызметтердің үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті (2019 жылғы 7,1% -дан 2020 жылы 24,5% -ға дейін).  

Композиттік және проактивті форматтар электрондық қызметтерді дамытудың жаңа бағыттарына айналды. Мүгедектігі немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені сон азаматтын мүмкіндігі болмаганда композиттік форматта еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Проактивті формат әлеуметтік төлемдерге өтінішті SMS-пен растауы арқылы тағайындауға мүмкіндік береді. Төлем құқығына ие болу және қосымша ақпаратты қалыптастыру процесі ақпараттық жүйелер арасында мәліметтер алмасу арқылы жүзеге асырылады.

Егер 2019 жылы проактивті форматта бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау қызметі ғана ұсынылған болса, онда 2020 жылы тағы үш әлеуметтік төлем проактивпен қамтылған. 

Қорытындылай келе, Бас директор экономикадағы қиындықтарға қарамастан, пандемия кезінде азаматтарда әлеуметтік белсенділік пен ынтымақтастықтының оң тәжірибесі байқалғанын атап өтті.

Наверх