Іс – шараны ашу барысында «МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дюсенова барлық қатысушыларды басшылық атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, бұл күннің әрбір қазақстандық үшін аса маңызы бар екенін атап өтті.

«Нақты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің атымен Тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы мен қалыптасуы байланысты. 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет біздің мемлекетіміздің тарихында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті, нәтижесінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланды. Өздерінің Көшбасшысын таңдай отырып, қазақстандықтар тұрақтылықты, дамуды және кәсібилікті басымдылық ретінде анықтай отырып, өз таңдауын жасады. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін тарихи сайлаудың бірлігін бейнелейді және Қазақстан халқының Тұңғыш Президентіне және Көшбасшысына үлкен сенімділік, аса сыйластық пен танымдылық ретінде жарқын айғақ болып табылады» - деп атап өтті С. Дюсенова.

Қатысушылардың назарына Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі туралы баяндама және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы «1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні» атты фотопрезентация ұсынылды.

 Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі туралы, Қазақстанның Тәуелсіздік алған күнінен бастап жас мемлекеттің орнауы жолында, оның әлемдік аренада танылуы, ұлт бірлігінің нығаюы жайында «Мемлекет Басшысы» атты документалдық фильмді көрсету ұйымдастырылды.

Наверх