Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше-мемлекеттердің еңбекшілерін Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың жобасын талқылау шарасы 20 ақпанда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) дөңгелек үстел ретінде өткізілді.

Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында үздік халықаралық тәжірибемен алмасу аясында Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

ЕЭК экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықов және ХЗӘҚҚ Төрайымы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Президенті Сәуле Дюсенова құжатқа қол қойды.

ЕЭК Министрі Тимур Жақсылықов қол қойылған меморандумның маңыздылығын атап өтті: «Бұл біздің ұйымдар арасында жұмыскерлердің әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету саласында өзара әрекеттесудің жаңа, аса сапалы деңгейге шығаратын өте маңызды құжат».

ХЗӘҚҚ Төрайымы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Президенті Сәуле Дюсенова, өз кезегінде, елдер арасындағы интеграциялық өзара әрекеттесу шеңберінде өз жұмысы кезінде қауымдастық азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету саласында, оны жүзеге асыру мехнизмі мен құралдары саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтады. «Одақтың еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын дамытуда ЕАЭО елдерімен ынтымақтастық шеңберінде біздің тәжірибеміздің талап етілетіне сенімдімін», - атап өтті Сәуле Дюсенова.

Шараға ЕЭК, ХЗӘҚҚ, Қырғыз Республикасының Үкіметінің, Одақ мүше-мемлекеттердің құзыретті және уәкілетті органдарының өкілдері, сонымен қатар Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары қатысты.

Анықтама

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет-қатысушыларының, сонымен қатар ЕАЭО мүше-мемлекеттердің зейнетақы қорларын және әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіретін негізгі аймақтық үкіметтік емес ұйымдардың бірі болып табылады.

Наверх