2018 жылдың 23 тамызында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты семинар өтті. Семинар аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері МӘСҚ қызметкерлерін «Астана – адалдық алаңы» атты жобасымен таныстырды. Бұл жобаның мақсаты: сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, сыбайлас жемқорлықты барлық қоғамның жағымсыз қабылдауын қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік ұйымдарына сенімін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ж.Жылқышиева мемлекеттің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты айырмашылығы жемқорлықты алдын-алуға аса көңіл аудару болып табылатынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытулар және жемқорлықтын алдын-алу шаралары өз жемісін бере бастады.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күрес – Қазақстан Республикасының әр азаматының борышы болып табылатынын атап айтқымыз келеді. Жемқорлыққа қарсы күресті қолдай отыра біз өзіміздің әл-ауқатымызды жақсартамыз және еліміздің экономикасының артуына септігімізді тигіземіз.

Наверх