2018 жылдың 7 ақпанында Астана қаласы бойынша МӘСҚ филиалында Ашық есіктер күні өтеді. Бұл шара әлеуметтік салада мемлекет тарапынан қолдаудың шаралары туралы азаматтардың ақпараттандыруын арттыру мақсатында өткізіледі.

Ашық есік күнінде қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жаңарулары туралы, МӘСҚ кімнің төлем алуға құқығы барын, есептеу қалай жүргізіледі, алудың қаңдай ерекшеліктері бар және қайда жүгіну қажет екендігін білуге мүмкіндік бар. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – бұл еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілігіне және босануына байланысты немесе бала (балалар) асырап алған жағдайда, сонымен қатар бала 1 жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылғанда жұмыс істейтін халықты қолдау үшін қосымша қорғау деңгейі болып табылады. Аталған жағдайларда жүйеге қатысушы (яғни, әлеуметтік аударымдар төленген тұлға) немесе оның отбасы мүшелері мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақылардан басқа МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерді алады.

Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, себебі МӘСҚ қызметі коммерциялық сипатта емес, еліміздің азаматтарының әлеуметтік құқығын қорғауға бағытталған.

Ашық есік күні 2018 жылдың 7 ақпаны сағат 10:00 Астана қ. Иманов к-сі 13, «Нұрсәулет-2» Бизнес-орталығының 2-қабатында басталады.

Қош келдіңіздер!

Наверх