2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік Кодексін іске асыру аясында МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібін реттейтін Қағидалар қабылданды.  

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен есептеудегі негізгі тәсілдер толықтай сақталған.

Жаңадан: 

- электронды өтініш беру кезінде (электрондық үкімет порталы, «Электрондық еңбек биржасы» порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, проактивті) әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі 8 күннен 4 жұмыс күніне дейін қысқарды;

- егер артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар болған жағдайда кірістер туралы мәліметтер негізінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау. Бұл ретте, төлеушіге осындай әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы хабарлама жіберілетін болады;

- егер әлеуметтік аударымдар төленбесе немесе толық төленбесе өтініш берушінің келісімін алған кезде нақты келіп түскен әлеуметтік аударымдар негізінде әлеуметтік төлемнің мөлшерін айқындау.

Бұл жаңалықтар МӘСҚ-дан мемлекеттік қызметтер көрсету процесін қысқартуға және оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 

АнықтамаӘлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау туралы шешімді қайта қарау қағидалары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бұйрықтарымен бекітілді, оның ішінде:

  • жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем  (22.06.2023 ж. №237 бұйрық)
  • асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем  (22.06.2023 ж. №238 бұйрық);
  • асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем   (22.06.2023 ж. № 239 бұйрық);
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (27.06.2023 ж. №248 бұйрық).
Наверх