Өздеріңіз білесіздер, таяуда ғана әлеуметтік қамсыздандырудың Дүниежүзілік форумы өтті. Форум Бельгияның Брюссель қаласында 2019 жылдың 14 – 18 қазанында өтті, бұл Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) Бас ассамблеясының ескі форматының орнына ұйымдастырылған МӘҚҚ бесінші Форумы. Ал әлеуметтік қамсыздандырудың алғашқы Дүниежүзілік форумын 2007 жылы Ресей Федерациясы өткізген болатын.

Таяуда өткен форумның аясында мен әлеуметтік қамсыздандырудағы әкімшілендірудің рөлі мен олардың жұмысынан күтілетін нәтижелер туралы ойларыммен бөліскім келеді.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы сыни қатерлерді саралауда жалпы ескерту халықты жүйемен адекватты қамтуды кеңейтуге қатысты тұрғындардың үмітімен байланысты болатын сыни қатерлер мен фундаментальды операциялық тәуекелдер (экономикалық, технологиялық, демографиялық және эпидемиологиялық) арасындағы айырмашылық болып табылады.

Жаңа коммуникациялық технологиялар жаңа байланыс құралдарының дамуын ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар саяси өмірге қатысуды және араласуды қамтамасыз ететін жаңа механизмдерді де дамытады. Әлеуметтік желілер жалпы қоғам мүддесін білдіретін мәселелер бойынша ақпаратты беру және пікір алмасу үшін кеңінен қолданылатындықтан әлеуметтік қамсыздандыру органдары да халықтың мұң мұқтажына жедел көңіл аудару қажеттігін түсінеді.

Халықтың үміті мен ұсыныстарына толықтай сай келу үшін әлеуметтік қамсыздандыру органдары басты орынға қолданушылардың мүддесін қоятындықтан тұрғындарға қызмет көрсетудің сапасын арттырудың жаңа жолдарын іздейді. Еуропаның бірқатар елдерінде әлеуметтік инновациялар бенефициарлардың пікірлерін анықтау және адамның қажеттілігіне сәйкес көрсетілетін қызметтерді дербестендіру үшін қолданылады.

Әлеуметтік қамсыздандырумен қамтудағы алшақтықты еңсеру де күрделі жаһандық сыни – қатерлердің бірі болып табылады.

Көбіне ол жартылай тиімді қамту мен қамтудың адекваттылығына қатысты көзқарастан айқындалады. Бұл Еуропалық одақта жұмыспен қамтудың және өзін өзі жұмыспен қамтудың стандартты емес формасына қатысушы жұмыскерлердің 50 % жуығы жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтері мен әлеуметтік қамсыздандыру қызметтеріне қол жеткізу адекватты емес екендігін көрсететін кең ауқымды индикаторлардың бірі. Еңбек рыноктары күннен күнге бөлшектеніп тұрақсызданып бара жатыр, және жұмыскерлердің көбі өзінің экономикалық өмірін цифрлық платформаларға арнайды. Қамту ауқымының тарылу түрі төленбеген жарналар мен толық түспеген салықтарды білдіреді, әйтсе де әлеуметтік қорғауға салықтар есебінен қаржыландырылатын болашақ сұраныстың да артуы мүмкін. Сондықтан, күн тәртібіне әлеуметтік қамсыздандыру мен адекватты қамтуға байланысты міндеттер қойылады. Қорғалмаған жұмыскерлердің арасында негізгі мәселе күндізгі білім алудан толықтай еңбекке қатысуға өту процесіндегі жас жұмыскерлердің (15 – 25 жас аралығындағы) арасында туындайды.

Жас жұмыскерлер басқа да үлкен жастағы топтарға қарағанда заңды тұрақты жұмысқа кіргенде үлкен қиыншылықтарға тап болады, және жастарда үлкен жастағыларға қарағанда бейресми экономикаға жұмысқа тұруға мүмкіндіктері көп. Аймақтағы елдерде жастардың үштен бірінен көбі бейресми экономикада. Олар үшін басқа да барлық жұмыскерлер сияқты цифрлық технология олар еңсеруі тиіс қосымша кедергі болып табылады. Жұмыс берушілердің цифрлық дағдыларға сұранысы мен экономиканың үзіліссіз оқытуға қажеттілігін қанағаттандыру үшін үкімет, әлеуметтік қамсыздандыру органдары, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері, әлеуметтік серіктестіктер мен білім беру және кәсіптік техникалық дайындау жүйелері адам капиталын қалыптастыруға қаржы инвестициялауы қажет.

Сонымен қатар, еңбек мигранттарын әлеуметтік қорғауда қажеттілікті толықтай қанағаттандыру туралы мәселе де маңызды. Миграция туралы тым жиі болатын пікірталастар негізінен заңсыз миграция ағынына қатысты болады. Шындығын айтқанда, «заңсыз миграция» термині маған да ұнамайды, өйткені бір отбасының жалғыз асыраушысы болып табылатын мигрант жұмыскер көбіне формалды емес экономикада еңбектенеді. Осындай күрделі мәселені шешу үшін мигрант еңбеккерлерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы мемлекет аралық келісімдермен қамтылуы үшін мигранттардың статусын заңдастыру қажет. Яғни таяуда Брюсселде өткен форумда көтерілген басты мәселелердің бірі «ешкімді көмектен тыс қалдырмау».

Халықаралық көші қон тәжірибесі көрсеткендей ұлттық экономикалар көптеген деңгейлерде бір бірімен өз ара байланысты және өз ара тәуелді, және экологиялық, әлеуметтік, медициналық, саяси және экономикалық өзгерістерге ұшырайды. Сонымен қатар, бұл өзгерістердің кезеңділігі мен маңыздылығы артып, жаңа сыни-қатерлер мен басқа да міндеттер туындайды. Олар әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері өтейтін өмірдегі дәстүрлі тәуекелдер мен еңбек нарығындағы қатерлерге байланысты белгісіздік жағдайын қиындатады, және олар қоғамның тәуекелдер туралы көбірек білуін талап етеді.

Жаңа сыни қатерлер мен тәуекелдерді еңсеру үшін қажетті әр түрлі шаралар әлеуметтік қамсыздандыруға көптеген функциялардың жүктелгенін көрсетеді. Жаңадан туындаған тәуекелдерге қарсы тұру табылған тәуекелдер факторларын қадағалауды және бағалауды, олардың алдын алу шараларын әзірлеуді, жоғалтқан табыстарының орнын толтырудың адекватты тетіктерін жасауды, салдарларын жеңілдетуді, сонымен қатар болашақта сыни қатерлерді болдырмау немесе алдын алу шараларын жоспарлауды қажет етеді. Осындай аталған көптеген шаралар жиынтығын әлеуметтік қамсыздандыру деп атаймыз.

Болашақта әлеуметтік қамсыздандыру дамуының тұрақтылығын тексеруді қажет ететін сыни-қатерлер де болады. Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің алдында осы мекемелердің ұсынатын адекватты, әділетті және тұрақты қорғауға қатысты халықтың артып келе жатқан үмітін қанағаттандыру қажеттілігі тұр. Бұл ретте, осы міндеттер шектелген ресурстар жағдайында шешілуі қажет. Барлық қатерлердің мәні осында.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) басшылығымен құрылған Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) басты міндеті әлеуметтік қамсыздандыруды басқару стандарттарын арттыру болып табылады. Бүгінде оның құрамында 156 мемлекеттен 320 астам әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары бар. ХӘҚҚ негізгі қызметі ең алдымен халықаралық ынтымақтастық арқылы әлемде әлеуметтік қамсыздандырудың рөлін одан әрі нығайтуға, сонымен қатар ХӘҚҚ мүшелерінің белсенді қауымдастығын құруға бағытталған.

 Халықты тиімді әлеуметтік қорғау – бұл тұрақты және инклюзивті қоғамды қамтамасыз етуге жол. Біздің қатысушы елдер күн сайын 3 млрд. көп адамға көмек көрсетеді. Әлеуметтік қамсыздандырумен қамту, халықтың қартаюы және цифрлық экономиканың дамуы сияқты негізгі сыни-қатерлерді жеңуде әлеуметтік қамсыздандырудың болашағын айқындай және ұлттық жүйелерге көмектесе отырып, ХӘҚҚ өзінің беделін нығайтады және инновациялық шешімдерді іздейтін болады.

 Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіне келетін болсақ, онда базалық әлеуметтік қамсыздандыру, қамту мен бюджет қаражаты есебінен арттыру сияқты мемлекеттің халықты қамтамасыз ету қабілетінің бірегейлігін атап өткім келеді. Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс берушілердің сақтандыру жарналары есебінен әлеуметтік қамтудың қосымша деңгейі болып табылады, онда нақты жұмыскердің елдің экономикасына қосатын үлесі ескеріліп әлеуметтік тәуекел (мүгедектік, жұмысынан айырылуы, асыраушысынан айырылуы және ана болу) туған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы есебінен қандай да бір төлем алуға мүмкіндік береді.

Сіздердегі жүйенің қалыптасуы туралы айтатын болсақ, онда, ең алдымен 1998 жылғы жеке басқарылатын жинақтаушы зейнетақы жүйесін еске түсіреміз. Көптеген сарапшылардың пікірінше мемлекет барлығына бірдей жауап беретін кеңестік патерналистік моделден адам зейнетақымен қамту жауапкершілігін өзіне алуға міндетті болатын жүйеге бірден өтуді білдіреді.  

Сонымен қатар, тағы бір есте қалар нәрсе ол басты назар жастарға, жасы келген адамдарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға аударылатын Қазақстанда инклюзивті еңбек рыногын құру бойынша Жол картасын жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік қорғауда мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің жауапкершілігін бөлу ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің аса маңызды аспектісі болып табылады. Мұндай практика көптеген елдердегі әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық бағдарламаларындағы ынтымақтастық принципін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, ХӘҚҚ әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы үздік тәжірибелерге конкурс өткізеді.

2019 жылы Баку қаласында Еуропа елдері үшін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ХӘҚҚ өңірлік форумында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ана мен баланы қолдауда әлеуметтік төлемдердің проактивті түріне және имитациялық моделді қолдана отырып, жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығына жасалған актуарлық есептері үшін Құрмет грамотасы берілді. Моделдің бірегейлігі Қазақстанның барлық халқының жүйемен қамтылуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алу, демографиялық өзгерістер көрсеткіштерінің қолдану (күтілетін өмір сүру ұзақтығы, туу мен қайтыс болу коэффициенттері), макроэкономикалық және әлеуметтік-еңбек көрсеткіштері болып табылады. 

Маған белгілі болғандай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жылдан бастап қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген.

Осындай мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған «Үздік әлеуметтік жобалар» көрмесін ұйымдастырып, әлеуметтік жобалар авторларын марапаттайды. Мұндай шаралар қиын өмірлік жағдайдағы адамдардың өзекті мәселелерін шешуде қоғамды біріктіреді.

Жаһандық сыни-қатерлерге қарамастан әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мәртебесі жоғары, ал олардың қамқорлығын мыңдаған адам сезінетіндіктен нәтижелері позитивті. Осыған байланысты халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде еңбек ететін барлық әріптестерімді жеткен жетістіктерімен шын көңілден құттықтаймын және Сіздерге осындай жауапты да құрметті міндет жүктелгендіктен жаңа табыстар тілеймін!

Наверх