Құрметті қазақстандықтар!

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Сіздерді еліміздің елеулі мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтайды!

Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.

 Мемлекеттің негізгі заңы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданып, онда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы ретінде – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленді.

Көпұлтты мемлекетіміздің Ата заңы - қабылданған күннен бастап, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Еліміздің әр азаматының құқығы қорғалғандығының арқасында еліміз тыныш, болашаққа қойған мақсаттарымыз биік.

Біз барлық қазақстандықтарды осынау мерейлі мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiз!

Наверх