Түсіндіру жұмыстарын оңтайландыру аясында «МӘСҚ» АҚ мамандары ел өңірлерінде халықпен және еңбек ұжымдарымен жұмыс кездесулерін одан әрі жалғастыруда.

Азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында МӘСҚ қызметкерлері Қызылорда облысының еңбек ұжымдарымен және жеке кәсіпкерлерімен кездесті және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқаковтың жетекшілігімен өткен кеңеске қатысты.

Кеңеске Қызылорда облысының мемлекеттік органдары мен әлеуметтік-қаржылық құрылымдарының басшылары: Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, білім беру, денсаулық сақтау және бюджеттік жоспарлау басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жұмыспен қамту орталықтары, Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтар ұйымдары, облыс аудандары әкімдерінің орынбасарлары (селекторлық байланыс арқылы) және басқалар қатысты.

МӘСҚ мамандары қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар және Жұмыспен қамту орталықтары мен медико-әлеуметтік сараптаманың құрылымдық бөлімшелері арқылы жұмысынан айырылуы және еңбек ету қабілеттерінен айырылуы бойынша «композиттік» қызметтер көрсету туралы ақпараттармен таныстырды. ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерінің өзара байланысын жүзеге асыру бойынша түсіндірмелер берілген. Сонымен қатар, әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын уақытында төлеудің маңыздылығы, дағдарысқа қарсы штаб жұмысы, МӘСҚ филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыстың қажеттілігі, кәсіподақтар мен Кәсіпкерлер палатасының жұмыстары аталып өтілді. Кеңестің нәтижесі бойынша мүгедектігі, жұмысынан айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жүктілігі және босануы, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алу үшін мемлекеттің беретін құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды жақсарту мақсатында әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қысқартуда жұмыстарды жақсарту жөнінде шешім қабылданды.

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда қаласы білім бөлімі (бухгалтерлер) және облыстық медициналық орталық қыметкерлерімен кездесу өтті. Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысы туралы түсініктемелер беріліп, жүйеге қатысушылардың қандай басымдықтары бар, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне неліктен қатысу қажет деген сұрақтарға жауаптар берілді. Жеке кәсіпкерлер мен облыстық кәсіподақтар орталығы өкілдерімен кездесу барысында әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын дұрыс төлеуге, әлеуметтік-еңбек және салық саласындағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістерге қатысты мәселелер қаралды.

Кездесулерге 202 адам қатысты. Кездесу барысында қатысушыларды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берілді.

Наверх