Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтар үшін қосымша ыңғайлы ақпаратты ұсыну қызметін үнемі жақсартуға тырысады.

Азаматтарды ақпараттандыру бойынша осындай қызметтердің бірі жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді алу мүмкіндігі туралы ақпаратты білу жүйесі болып табылады. 

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлем жұмыссыз қалған тұлғаларға тағайындалады.  

Демек жұмысынан айырылған жағдайда бірден жұмыссыз ретінде Жұмыспен қамту орталығына тіркелу қажет және жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлемге жүгіну қажет.

Осы төлемді алу мерзімі – 1 айдан 4 айға дейін. Төлем мерзімі штат қысқартылған жағдайда, кәсіпорын таратылғанда және өндіріс көлемі төмендеген жағдайда жұмыстан босатылғанда 6 айға дейін ұзартылады.

Қызмет www.gfss.kz сайтының «Электрондық қызметтер/ Жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқық» бөлімінде немесе сайттын басты бетінің сол жақ жоғарғы жағындағы жылдам қатынау сілтемелесін таңдау арқылы қолжетімді

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ғана теру жеткілікті және Сіз жұмыстан айырылғанда жәрдемақы аласыз ба, қанша айға, қайда жүгіну қажет және қандай құжаттар қажет екендігі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігіңіз бар.

Наверх