Фото Кемел на брифинге

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құрылған мобильдік топ Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистер үшін брифинг өткізді. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел БАҚ өкілдерін мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы мен ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы хабардар етті.

Нұрсұлу Кемел Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту және көші-қон саясаты саласындағы жаңа саясатты қалыптастыру, балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту және зейнетақы жүйесін дамыту ммәселелері туралы айтты.

Журналистерді бала күтімі бойынша төлемдердің ұзақтығын бір жарым жасқа дейін арттыру, Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы шоттарда қаражат жинақтау мәселелері қызықтырды.

«Бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін 1 жастан 1,5 жасқа дейін арттыру жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қатысты болады. Бұл ретте, ата-аналар табысы мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері де соғұрлым жоғары болатынын түсінуі тиіс», - деп атап өтті Нұрсұлу Кемел.

Наверх