Фото Туркестанская 12.10.2022

Құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, министрліктің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел бар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қалыптастырған арнайы мобильді тобы Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Келес аудандарында болды.

Халықпен, жастармен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлерімен, ауылдық округтердің әкімдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесулер өтіп, онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен Әлеуметтік кодекс жобасының нормалары түсіндірілді.

Нұрсұлу Кемел МӘСҚ-дан жұмысынан айырылған жағдайда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлем мөлшерінің орта есеппен 13% - ға артуы және бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығының бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғаюы туралы айтып берді. Бұл шаралар Әлеуметтік кодекстің жобасында да көрініс тапқан.

Бұл ретте, Нұрсұлу Кемел жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін МӘСҚ-ға төлейтін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өтті. 

Ол әлеуметтік Кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы, оның ішінде балалы отбасыларды қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру туралы хабардар етті.

13 қазанда мобильді топ Түркістан облысында жұмысын жалғастырып, Созақ ауданы мен Кентау қаласының тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

Наверх