Еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша төлем ұлғаяды

Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Үкімет Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", делінген қаулы мәтінінде.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Дереккөз: https://inbusiness.kz/kz/last/enbekke-kabilettiligin-zhogaltu-zhane-asyraushysynan-ajyrylu-bojynsha-tolem-ulgayady

Наверх