ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы мобильдік топтарды құрды, олар ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру үшін Қазақстанның өңірлеріне шығатын болады.

Мобильдік топтардың құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Еңбекмині еншілес ұйымдарының, Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының басшылары және басқалар кірді.

Екі ай бойы мобильді топтар республиканың барлық 20 өңірін аралайды: 

Абай облысы (Үржар, Аягөз, Бородулиха, Ақсуат аудандары және Курчатов қаласы);

Ақмола облысы (Бұланды, Астрахан, Шортанды, Ерейментау аудандары және Біржан сал ауданы);

Ақтөбе облысы (Алға, Мұғалжар, Қобда, Ойыл, Шалқар аудандары және Хромтау қаласы);

Алматы облысы (Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Балқаш аудандары);

Атырау облысы (Қызылқоға, Құрманғазы, Жылыой, Исатай аудандары);

Шығыс Қазақстан облысы (Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Самар аудандары және Риддер қаласы);

Жамбыл облысы (Сарысу, Мойынқұм, Талас, Меркі және Шу аудандары);

Жетісу облысы (Алакөл, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов аудандары);

Батыс Қазақстан облысы (Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандары және Орал қаласы);

Қарағанды облысы (Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы аудандары, Шахтинск және Приозерск қалалары);

Қостанай облысы (Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелді, Ұзынкөл аудандары);

Қызылорда облысы (Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласы);

Маңғыстау облысы (Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия аудандары, Жаңаөзен және Ақтау қалалары);

Павлодар облысы (Май, Баянауыл, Ертіс, Железин аудандары);

Солтүстік Қазақстан облысы (Тимирязев, Уәлиханов, Аққайың аудандары және Шал ақын ауданы);

Түркістан облысы (Бәйдібек, Шардара, Келес, Қазығұрт, Созақ аудандары және Кентау қаласы);

Ұлытау облысы (Жаңаарқа, Қаражал, Ұлытау аудандары және Жезқазған қаласы);

Республикалық маңызы бар қалалар-Алматы, Нұрсұлтан және Шымкент.

Өңірлерді аралау барысында мобильдік топтардың мүшелері медициналық-әлеуметтік мекемелердегі Халықпен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, жастармен, ұжымдармен және қамқорлықтағылармен кездесулер өткізеді. 

Қазақстандықтарға отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру туралы айтылады.

Наверх