Жанажол 4

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мобильді тобы құрамында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының активімен кездесті.

Кездесу барысында Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері қозғалды. 

Кемел Нұрсұлу әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша азаматтарды ақпараттандыруда әрбір елді мекендегі ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдар басшыларының басты рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінде ардагерлермен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен, жастармен кездесу өтті.

Азаматтар зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру, бала күтімі бойынша төлемдердің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақтаушы шот ашу мәселелеріне қызығушылық танытты.  

Мобильді топтың жұмысы Қызылорда облысы Жалағаш, Сырдария аудандарында және Н. Ілиясов атындағы ауылдық округте жалғасатын болады, онда халықпен, еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесулер жоспарланған.

 

Наверх