2021 жылғы 27 сәуірде " Еуразиядағы еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау- қазіргі заманның сын-қатері" тақырыбында онлайн-конференция өтті. Конференцияны халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (бұдан әрі – ХӘҚҚ) Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (бұдан әрі-ХЗӘҚҚ) бірігіп ұйымдастырды.

Вебинарға ХӘҚҚ басшылары, Әзірбайжан, Молдова, Ресей Федерациясы және Қазақстан елдерінің әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ (бұдан әрі - МӘСҚ) Бас директоры, ХЗӘҚҚ төрағасы, ХӘҚҚ Бюросының мүшесі А. М. Курманов және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Ж. Б. Құрманов қатысты.

Вебинарда еңбекші мигранттарды әлеуметтік қамсыздандыру жолында әлеуметтік сақтандыру мекемелерінде туындайтын заманауи сын-қатерлер мәселелері қамтылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық миграцияны жаһандық дамудың ажырамас бөлігі деп таниды. Бүкіл әлем бойынша ішкі және халықаралық мигранттардын саны миллиардтан астам, ал оның ішінде еңбекші мигранттар айтарлықтай орын алады. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелері еңбекші мигранттарды қолдау және мүдделерін қорғау қазіргі заманның сын-қатеріне айналып отыр. Осы мәселе бойынша Еуразия елдерінің белгілі бір сын-қатерлері 2005 жылдың ХЗӘҚҚ мен ХӘҚҚ бірлескен Баку декларациясында баяндалған.

Алайда, CОVID-19 жаһандық пандемиясы аймақтағы еңбек мигранттарына үлкен әсер етіп және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үшін жаңа проблемалар туғызды. Осыған байланысты онлайн-конференцияның күн тәртібінде келесі өзекті мәселелер талқыланды:

  • 1) Әлеуметтік қамсыздандыру схемалары шеңберінде еңбекші-мигранттарды анықтау және тіркеу;
  • 2) Әлеуметтік қамсыздандыру туралы келісімдерді әкімшілендіру барысында туатын ахуалдар;
  • 3) COVID-19 кезеніңде еңбекші-мигранттарды қорғаудың инклюзивті ұлттық әдістері.

Вебинарға қатысушы елдердің баяндамашылары халықаралық Конвенциялар мен Шарттардың шеңберінде еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларға, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдердің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, 2021 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша 2019 жылғы 20 желтоқсандағы келісім Еуразияның бес елі үшін еңбекші-мигранттардың тең құқықтарын қамтамасыз етудегі маңызды кезең болып саналады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын өңірдің басқа елдері де әлеуметтік қамсыздандыру туралы екіжақты келісімдер арқылы өз азаматтарын шетелде қорғауда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

ХӘҚҚ және ХЗӘҚҚ еңбекші мигранттарды әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі принциптері: 1) әмбебаптылық; 2) тең құқықтылық; 3) қолжетімділік; 4) өзге құқықтарды қолдана білу; 5) тұтастай қамтушылық; 6) сенімділік және 7) орнықтылық болып табылатынын атап көрсетеді. Осыған байланысты ресми және бейресми секторларда жұмыс істейтін еңбекші-мигранттармен жұмыс істеудегі озық тәжірибелерді, заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді зерттеп-зерделеу маңызды болып табылады

Наверх