«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ орталық аппаратының және облыстық филиалдарының ұжымы (бейнеконференция байланысы арқылы) Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халқына Жолдауын талқылау бойынша жұмыс жиналысын өткізді.

Жиналысты аша отырып, «МӘСҚ» АҚ Президенті Сауле Дюсенова Президенттің жыл сайынғы Жолдауы – Мемлекет Басшысының дәстүрлі түрде біздің қоғамның негізгі бағыттарын белгілейтін ел өмірінің басты оқиғасы екендігін атап өтті. 

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламалық құжатында Қазақстанның алдағы уақытта және болашақта дамуы бойынша негізгі тенденциялары анықталған.Жолдаудың негізінде әлеуметтік – еңбек саласының дамуы бойынша нақты жоспарлар қойылғандығын ерекше атап өтемін. «Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады» делінеді, осыған байланысты «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады». Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі негізгі институт ретінде біздің алдымызда нақты жоспарлар қойылуда, оларды табысты шешу біздің басты мақсатымыз болып табылады» - деп атап өтті Сауле Дюсенова.

Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында «МӘСҚ» АҚ Президентінің кеңесшісі С.И. Ферхо баяндама жасап, елде маңызды әлеуметтік міндеттерді орындайтын мемлекеттік институт және қатысушылардың әрбіреуі өз елінің азаматы ретінде бола тұрып, алға қойылған міндеттерді іске асыруға қатысу үшін Президент айқындаған бағыттардың мәнін түсінуге шақырды.

Талқылау барысында Мемлекет Басшысының Жолдауына байланысты өздерінің ойы мен оның ережелеріне қолдауларын айта отырып, Орталық аппараттың және облыстық филиалдардың мамандары Г.Қ. Болатбекова, Ж.Қ. Қалияқасова, А.М. Сабырова, Р.Қ. Самбаев, С.С. Хасанова пікір айтысты.

Наверх