«Егемен Қазақстан» газетінде «МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дүйсенованың «Әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік әділеттілік жүйесі» атты мақаласы жарық көрді.

Осы мақала шеңберінде автор міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының негізгі жұмыс бағыттары, мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде алу мүмкіндіктері туралы әңгімелеген.

Қазақстанда міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесі ен­гі­зілген сәттен бастап 3,5 млн-нан астам адамға МӘСҚ-дан жалпы сомасы 825 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлемдер төленгені атап өтілген.

Бүгінгі таңда міндетті әлеу­­­­­­­­­мет­тік сақтандыру жү­йе­­сі Қазақ­­­станның зама­науи әлеу­­­­­мет­­­тік-эконо­ми­ка­лық қа­­­­­­ты­­­­­­­нас­та­рының ма­ңыз­ды әрі қажетті элементіне ай­­нал­ды. Оның өз­ге сақ­тан­дыру түрлерінен бас­­ты айыр­­­­ма­­шылығы ма­те­­­­риал­дық қамтамасыз етіл­меу­­ден қор­ғау ретінде ұсы­нылуы жә­не әлеуметтік әділет­тілік принципі бойынша құ­рыл­ған.

Себебі, әлеуметтік сақ­тандырумен күнелтудің не­гізгі көзі еңбекақысы немеөсе кәсіп­керлік қызметтен түсе­тін табысы болып табылатын, жеке ең­бегі есебінен өмір сүретін адам­дар ғана қамтылған. МӘСҚ жұмыс іс­тейтін халыққа қол­дау көрсетуге арналған және әлеуметтік аударымдар – бұл бо­луы мүмкін әлеуметтік тәуе­келдерден сақтандырудың ке­пілі болып табылады.

Мақаланың толық нұсқасымен «Егемен Қазақстан» газеті сайтының http://www.kazpravda.kz/fresh/view/sotsialnoe-strahovanie--sistema-sotsialnoi-spravedlivosti/ сілтемесі бойынша таныса аласыздар.

Наверх