2023 жылғы 14 шілдеде дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдарға «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың артықшылықтары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары ұйымдастырылды.

«МӘСҚ» АҚ басқарушы директоры М. Жаныбеков міндетті әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық жүйесінің негіздерін түсіндірді. 

1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 33-бабының ережелеріне, қабылдаушы елде қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру туралы ұлттық заңнамамен жүктелген дипломатиялық агенттердің міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Әлеуметтік аударымдарды төлеу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. 

Семинарға 33 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.

Наверх