Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» бағдарламалық мақаласына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры еліміздегі азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде үнемі кең ауқымды жұмыстар атқаруда.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «МӘСҚ» АҚ макмандары әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi өңірлік комиссиясының кезектi отырысының жұмысына қатысты.

Комиссия жұмысына сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың,кәсіподақ ұйымдарының, астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты.

Күн тәртібінде қаланың кәсіпорындарында ұжымдық шартты жасасу, «Астана қаласында 2017-2019 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «Еңбек қауіпсіздігі» бағдарламасын іске асыру барысы, мемлекетаралық стандарт негізінде ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу барысы (ГОСТ 12.0.230 – 2007) және міндетті әлеуметтік төлемдері т-леушілердің саны төмеңдеуі туралы мәселелер қаралды.

«МӘСҚ» АҚ мамандары комиссия мүшелеріне халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды ұлғайту жұмысы туралы хабарлап, Астана қаласының жұмыспен қамту Орталықтары арқылы жұмыстан айырылуына байланысты төлем алу бойынша «композиттік» қызмет көрсету барысы туралы баяндады.

Мүгедектерді, асыраушысынан айырылған отбасыларды, жұмысынан айырылған жұмыссыз азаматтарды, жүктілігіне және босануына, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған аналарды әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету шараларының маңыздылығы атап өтілді.

Наверх