2018 жылдың 03 шілдесінде Қырғызстан Республикасында Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ), Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ), Еуразиялық экономикалық комиссия атты халықаралық ұйымдардың, сонымен қатар Грузия, Қазақстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің әлеуметтік және зейнетақы ұйымдарының өкілдерімен қатысуымен «Егемендік жағдайында зейнетақы жүйесінің дамуы: ерекшеліктері, мәселелері, жетістіктері және келешегі» атты тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Конференцияда «ТМД елдеріндегі мысалмен егемендік жағдайында зейнетақы жүйесі», «Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық тренд», «Экономика және әлеуметтік саланы цифрлау», «Еңбек ететін мигранттардың еңбек миграциясы және зейнетақы құқығын сақтау жүйесі» атты өзекті тақырыптар талқыланды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Қазақстан Республикасында халықтың демографиялық қартаюы және осы фактордың әлеуметтік қамтамасыз етуге әсерімен байланысты мәселелер бойынша ақпарат ұсынды.

Конференция қатысушыларының алдында қатыса отырып, «МӘСҚ» АҚ Президенті Сауле Дюсенова әлеуметтік сала әрқашанда барлық қоғамның басты кілті болып табылады, сондықтан азаматтарды әлеуметтік қорғау тиімділігі – заманға сай мемлекеттің дамуының және қалыптасуының басты нышаны болып табылатын атап өтті.

Конференция басқа елдерде зейнетақы жүйесімен мәселелер шешілетінін көрсетті, ал конференцияға қатысушылар жағынан ұсынылған материалдар тәжірибемен алмасуға септігін тигізді және зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыруды одан әрі қалыптастыруда оны қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Сонымен қатар, осы халықаралық конференция әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар мен мекемелердің тығыз қатынаста алдағы уақытта екіжақты, көпжақты және ведомствоаралық зейнетақы мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу маңыздылығын көрсетті.

Наверх