2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыскерлердің табысынан әлеуметтік төлемдер мен жеке табыс салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Бірыңғай төлем (БТ) енгізілді.

Жеке тұлғаға жалақы түрінде  табыс төлейтін және БТ форматында жұмыскерлердің табыстарына салық салу тәртібін таңдаған, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, шағын кәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар БТ төлеушілер болып табылады.  

2023 жылы БТ мөлшерлемесі жұмыскердің табысының 20% құрайды. 

БТ құрамына:

- жеке табыс салығы (ЖТС);

- БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

- МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар (ӘА);

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар кіреді.

БТ есептеу объектісі жұмыс беруші есептеген жұмыскердің табысы болып табылады.

БТ төлеушілер бұл төлемді есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуға міндетті.

2023 жылы Мемлекеттік корпорация БТ мынадай үлестер бойынша бөледі және аударады:

Атауы

Үлес

Ұйым

ЖТС

9%

Тиісті мемлекеттік кірістер органдарына

МЗЖ

50%

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  

ӘА

16%

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 

Жұмыс берушінің аударымдары

15%

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына

 

Жұмыскерлердің жарналары

10%

Бұл ретте, БТ құрамындағы ӘА ай сайынғы ең жоғары мөлшері ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 7 еселенген мөлшерінің 3,2%- % аспауы тиіс, бұл 2023 жылы - 15 680 теңгені (2023 жыл: ЕТЖ= 70 000 теңге) құрайды.

Ескерту: Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.01.2023 ж. № 28 бұйрығымен бекітілген.

Наверх