Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) - формалды емес жұмыспен қамтылған халықты тіркеуге алу тәртібін оңайлатуды көздейтін, жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық режим.

БЖТ мөлшері республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыс орталықтары үшін – 1 айлық есеп көрсеткіші (АЕК) -2019 жылы 2 525 теңге және басқа елді мекендер үшін АЕК жартысы- 2019 жылы 1 263 теңге мөлшерінде белгіленген.

БЖТ мөлшері нақты белгіленген, яғни барлық әлеуметтік қорларға өз бетінше аударуға болмайды.

БЖТ құрамына бір төлеммен 4 міндетті төлемді:

1) 10 % – же­ке табыс салығын,

2) 20 % –әлеуметтік аударымдарды,

3) 30 % – міңдетті зейнетақы жарнасын,

4) 40 % -міндетті әлеуметтік медициналық жүйесіне аударымдарды төлеушілер үшін біріктіреді.

Күнтізбелік жылдағы БЖТ төлеушінің ең жоғарғы табыс шегі 1 175 ЕАК құрайды (жылына 2 960 мың теңге және 2019 жылы айына 247 мың теңгеге жуық).

БЖТ табыс алу мақсатында жұмыс жасайтын, төмендегі шарттарды орындайтын:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке адамдар үшін жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін;

3) жеке адамдардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықты пайдаланудан түскен ауылшаруашылық өнімдерін сататын, жеке адамдарға қолданылады.

Тұтастай алғанда БЖТ төлеушісі:

1) міндетті әлеумет­тік медициналық сақтандыру жү­йесіне қатысып, медициналық қызметтерді алады;

2) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, аталған жүйеге қаты­су өтіліне қарамастан базалық зейнетақы төлемдерін алады;

3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен еңбек ету қабілетінен айырылуына, асыраушысынан айырылуына, жүктілігі мен бала тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланыс­ты әлеуметтік төлемдер алады.

Төлеуші өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының банктік шотына екінші деңгейлі банктер арқылы БЖТ төлейді.

Наверх