Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) еліміздегі азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде үнемі кең ауқымды жұмыстар атқаруда.

Мемлекеттік қызметті басқару Академиясы мамандарымен және Батыс-Қазақстан облысы бойынша білім және деңсаулық сақтау бөлімдерінің қыметкерлерімен кездесу өтті. Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысы туралы түсініктемелер беріліп, жүйеге қатысушылардың қандай басымдықтары бар, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне неліктен қатысу қажет деген сұрақтарға жауаптар берілді. Жеке кәсіпкерлермен кездесу барысында әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын дұрыс төлеуге, әлеуметтік-еңбек және салық саласындағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістерге қатысты мәселелер қаралды. Кездесу барысында қатысушыларды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берілді.

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру және күшейту мақсатында МӘСҚ қызметкерлері Батыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаеваның жетекшілігімен өткен кеңес жұмысына қатысты. Кеңеске Батыс-Қазақстан облысының келесідей әлеуметтік-қаржылық құрылымдардың басшылары қатысты: Мемлекеттік кірістер департаменті, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» филиалы, Кәсіпкерлері палатасы, өңірлік кәсіподақтар ұйымдары және т.б..

МӘСҚ мамандары қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша халыққа түсіндіруді ұлғайту жұмыстары туралы және Жұмыспен қамту орталығы бойынша жұмысынан айырылған жағдайда «композиттік» қызмет көрсету бойынша ақпарат берді. Жиналғандардың алдында МӘСҚ мамандары әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуіне, дағдарысқа қарсы штабтың жұмысына, мемлекеттік органдар мен МӘСҚ филиалдарының өзара әрекеттесу қажеттілігіне, кәсіподақтармен, Кәсіпкерлер палатасымен жұмыстарының маңыздылығына аса назар аударды.

Наверх