Брифинг

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған мобильді топтың құрамында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарушы директоры Марат Жаныбеков қатысуда. 

Мобильді топ өз жұмысын Батыс Қазақстан облысында БАҚ өкілдеріне арналған брифингтен бастады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы мен ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы жаңа саясатты қалыптастыру, балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және зейнетақы жүйесін дамыту туралы хабардар етті.

Кездесу барысында журналистер жастарды жұмысқа орналастыру, зейнетақымен қамтамасыз ету, сондай-ақ бала күтіміне байланысты төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту және жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерінің өзгеруіне қатысты сұрақтарына жауап алды.

Наверх