Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдын 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету өлшемі күнкөріс минимумынан 50% - дан 70% - ға дейін өсіп, 20 789 теңгені құрады. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, ү.ж. сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг. төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмек - аз қамтылған және табысы төмен азаматтар мен отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды. АӘК тағайындау туралы өтініштер жұмыспен қамту орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

Әлеуметтік салада мемлекеттік қолдау көрсету мәселелерін түсіндіру және жұмыспен қамту орталықтарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, ауылдық әкімдіктердің АӘК тағайындау туралы өтініштерді қабылдауға дайындықтарын тексеру мақсатында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордын мамандары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс топтары құрамында, жергілікті жерлерде азаматтарға қажетті мәселелер бойынша кеңес беруге өңірлерге барды.

2019 жылдын 1 сәуірінен бастап құжаттарды қабылдау процедурасы айтарлықтай жеңілдетілген және АӘК алу үшін жеке куәлік пен тиісті өтініш беру жеткілікті.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеу үшін онлайн-калькуляторды іске қосты. Оның көмегімен қазақстандықтар жәрдемақының алдын ала есебін дербес жүргізе алады. Онлайн-калькулятор ведомствоның www.enbek.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Бұдан басқа, «111» байланыс орталығы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңес алуға болады.

Наверх