Алматы қаласы бойынша МӘСҚ филиалында Ашық есік күні өтті.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелердің қазіргі уақыттағы жай-күйін азаматтарға түсіндіріп, халыққа әлеуметтік салада мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы насихаттау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Шараға «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, Мемлекеттік аннуитеттік компаниясының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» филиалынын, Денсаулық сақтау басқармасының, Жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.

Ашық есік күні Е-Макет бағдарламасының жұмыстарымен таныстырылды, оның ішінде «МӘСҚ» АҚ әлеуметтік төлем тағайындау бойынша, әлеуметтік аударымдарды төлеу және әлеуметтік төлемдерді тағайындауды түсіндіру, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетақы жасын арттыру және 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыдағы өзгерістер, медициналық сақтандыруды және өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы айтылды.

МӘСҚ қызметкерлері әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесін төмендету, әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлем түрлері, еңбек ету қабілетінен және жұмысынан айырылған жағдайда көрсетілетін композиттік қызметтер, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлемді 6 айға ұзарту, әлеуметтік аударымдардың дұрыс және уақтылы төленуі туралы мәселелерге баса назар аударды.

Аталған іс-шараға келгендер әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жаңалықтар туралы, МӘСҚ кімнің төлем алуға құқығы бары, есептеу қалай жүргізілетіні, алудың қандай ерекшеліктері бар және қайда жүгіну қажет екендігін білуге мүмкіндік алды.

Іс-шараға қатысушыларға өздерін қызықтыратын барлық сауалдарға жауап алуға және жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Ашық есік күнін тұрақты түрде өткізеді. Дәл осы күні кез-келген адам Қордан қажетті қызмет алып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәліметтер алды.

Наверх