Алматы қаласында арнайы комиссия «Үздік әлеуметтік жобалар» атты аумақтық байқауын қорытындылады.

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы «Нұр Отан» партиясының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ұйымдастырылған.

Байқау барысы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған қоғамдық ұйымдар, мүгедектерге арналған ұйымдар мен мекемелер ұсынған 13 жобаны біріктірді. Байқау өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамалық әлеуметтік жобаларды қолдау, сонымен қатар қиын өмір жағдайындағы адамдар үшін қызмет көрсету мақсатында өткізілді. Конкурстың негізгі міндеті ұсынылған әлеуметтік жобаларда қолданылған үздік тәжірибені тарату және өзекті әлеуметтік меселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнес пен азаматтардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Бірінші орынды және 1 млн. көлемінде ақшалай жүлдені «№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ «Өз алдына дербес тұру үйі» жобасы алды. Жоба ірі интернат-үйлерді деинституционализацияландыру бойынша әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа нысанын құруға және кіші жиынтықталған ұйымдардың желісін кеңейтуге бағытталған. Жеңімпаз жобаның мақсаты – психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан асқан тұлғаларды өз алдына дербес өмір сүруге дайындау. Осы бағыттағы жұмыс әлеуметтік біріктіруді, әлеуметтенуді, жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік оңалтуды, өз алдына тұру үйлерін ашуға, қоғамда эмпатияны қалыптастыруға бағытталған.

Екінші орынды «Ел-Назы» Арттерапия дамыту орталығы иеленді. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балаларға және оның отбасыларына көмек көрсетуге, балалардың шығармашылық қабілетін, әлеуметтік және психологиялық бейімделуін дамытуға, белсенділікті арттыруға, жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталған. Жоба 700 мың теңге көлемінде ақшадай жүлдеге ие болды.

Үшінші орынды «Еріктілер қозғалысы әлемді өзгертеді!» атты жобасы алды. Оның авторлары еріктілікті дамыту жалпы қоғам үшін және әр азамат үшін маңызды деп санайды. Еріктілердің қызметі мемлекетке қоғам алдындағы мәселелерді тиімдірек шешуге көмектеседі, азаматтық қоғамның орнатылуына септігін тигізеді, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдардың рөлін күшейтуге көмектеседі. Жоба 500 мың теңге ақшалай жүлдеге иеленді.Жеңімпаздарды құттықтап және олардың жұмысының маңыздылығын атап өтіп, «МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дюсенова барлық ұсынылған жобалардың қажеттілігін және лайықты екендігін, өйткені олардың әрқайсысы адам өмірін жақсылыққа өзгертетіндігін атап айтты.

Наверх