Сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуден басқа "МӘСҚ" АҚ маңызды қызметінің басты бағыттарының бірі - қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандырылуын арттыру болып табылады.МӘСҚ қызметкерлері еңбек ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен кездесулер, бірлескен дөңгелек үстелдер, тұрғындар үшін көшпелі семинарлар өткізеді.

2018 жылдын 27 маусымында МӘСҚ қызметкерлері «Астаналық нарық» аумағында ұйымдастырылған азаматтарға кеңес-консультация беру шарасына қатысты.

Сонымен қатар, азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығы, ұрғын үй құрылыс жинақ банкі , «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, БЖЗҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен өз сұрақтарына жауап алды.

Әр-түрлі мәселелер бойынша сұрақтармен 500-ден астам адам жүгінді.

МӘСҚ мамандары азаматтарға қор тарапынан кімнің әлеуметтік төлем алуға құқығы барын, есептеу қалай жүргізіледі, төлем алудың қаңдай ерекшеліктері бар және қайда жүгіну қажет екендігі жөнінде кенес берді. 

Наверх