Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Н. Кемел өрт кезінде зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөніндегі үкіметтік делегация құрамында Абай облысында болды. Асыраушысынан айырылған барлық отбасыларға Қордан ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем балаларға 18 жасқа дейін, ал олар күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын болса 23 жасқа дейін төленетін болады. Төлемнің мөлшері қайтыс болған асыраушының соңғы екі жылда әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табысына, жүйеге қатысу өтіліне және асырауындағылардың санына байланысты. Аталған төлемнің мөлшері жыл сайын көтеріліп отырады.

image-15-06-23-10-35
Наверх