Басты көрсеткіштерӨлшем бірлігі

2022

2023

Факт /бағаБекітілген/нақтыланған жоспар9 ай үшін Баға/факт     % ауытқу (фактінің нақты жоспардан)
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі%75,370,476,0108,0
Белгіленген іс-шаралар санына өңірлерде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралардың үлесі%210,70100208,9208,9
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы%10099,9999,99100
Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі%48,905057,2114,4
МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті% 26,833,5125,0

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ  2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының 4-қосымшасына 2023 жылғы 9 айдың  қорытындысы бойынша

түсіндірме жазба

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» 2023 жылға жоспарлы көрсеткіші – 70,4%. 

Аталған көрсеткіш міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысушылар санының статистикалық деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халықтың орташа санына (яғни, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) сайтында жарияланған соңғы 12 айдағы деректердің орташа саны) қатынасы ретінде есептеледі .

Статистика бюросының бағалау деректеріне сәйкес соңғы 12 айда жұмыспен қамтылған халықтың орташа саны 9 063,2 мың адамды құрады (бағалау 2022 жылғы қазанынан 2023 жылғы қыркүйегі дейінгі кезеңдегі деректер негізінде жүргізілді).

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша соңғы күнтізбелік 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ, Қор) ең болмағанда 1 рет әлеуметтік аударымдар түскен МӘСЖ қатысушылардың саны 890,1 мың адамды құрады. 

Жұмыс істейтін халықтың МӘСЖ қамтылу үлесі 76,0% (6 890,1*100/ 9 063,2) құрады. Орындалуы –  108,0%.

2. «Белгіленген іс-шаралар санына міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлерде өткізілген  іс-шаралардың үлесі (2023-2026 жылдары ҚР бойынша жылына 2 500-ден кем емес іс-шара)» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 99,99%.

2023 жылдың 9 айында Қор МӘСЖ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (бұдан әрі - АТЖ) аясында 3 916  іс-шара өткізді. Өткізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарына қатысқан жұмыскерлердің жалпы саны – 130 391 адамды құрады.

9 айдағы көрсеткіштің орындалуы – 208,9%  (3916*100/1875 = 208,9%; жоспарлы көрсеткіш – жылына 2500 іс-шара, 9 айда – 1 875 іс-шара).

Анықтама. Аталған көрсеткішті орындаудың жоғары деңгейі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылға арналған Медиа-жоспарларын іске асыру шеңберінде өңірлерде АТЖ кеңінен жүргізумен байланысты.

3. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 99,99%.

2023 жылдың 9 айында МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі 669 481 алушыға көрсетілді. Мемлекеттік қызметті уақтылы көрсетудің үлес салмағы 99,99% құрады.

4. «Электрондық нысанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 50%.

2023 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 669 481 құрады, оның ішінде электрондық форматта- 383 186 немесе 57,2%.

Орындалуы 114,4% құрады.

5. «Қордан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнен кірісті алмастыру коэффициенті» жоспарлы көрсеткіші, 2023 жылға – 26,8%.

2023 жылдың 9 айында тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 45 943 теңгені құрады. Осы әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кірістің орташа айлық мөлшері 137 242,1 теңге деңгейінде қалыптасты. Кірісті алмастыру коэффициенті 33,5% құрады.

Орындалуы-125%.

Наверх